{metadescription}
Ақмолалық баскетболшы қыздар Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Ақмолалық баскетболшы қыздар Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды

Ақмола облысының баскетбол қыздар командасы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанды.

Ведомствоның мәліметінше, Қостанай қаласында Қадырбек Оспанов құрметіне 2003 жылы туған және одан төмен жастағылар арасында баскетболдан Қазақстанның 14-ші ашық кубогы өтті. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерінен барлығы 22 команда қатысты.

«Жарыста Ақмола облысының баскетболшы қыздарына тең келетін команда болған жоқ. Жерлестеріміз тартысты кездесулерде қарсыластарынан басым түсіп, жеңіс тұғырына көтерілді», - дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Ақмоланың баскетболшы қыздар арасында Надежда Яковлева үздік ойынша атанса, Зоя Будай құнды ойыншысы (МVР) деп танылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде