{metadescription}
Президент студенттердің стипендиясын көбейтуге бұйрық берді

Президент студенттердің стипендиясын көбейтуге бұйрық берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен жаңа жылдан бастап студенттердің стипендиясы 25 пайыз өседі.

«2020 жылдың қаңтарынан бастап орта буын мамандарының шәкіртақысы 16 759 теңгеден 20 948 теңгеге дейін, ал жоғарылатылған шәкіртақы 19 272 теңгеден 24 090 теңгеге өседі. Сондай-ақ келесі жылдың қаңтарынан бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистратурадағы шәкіртақы 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге өссе, докторантурада оқитындардың шәкіртақысы 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге өседі», - деді Білім және ғылым министрлігіндегілер.

Президент сөзінше, жаңа жылда 130 мыңдай студенттің шәкіртақысы өседі.

«Естеріңізде болса, колледждерде кәсіптік мамандықта оқитын студенттердің стипендиясын 1 қаңтарда 30 пайыз өсіргенбіз. Енді менің тапсырмам бойынша орта білім алып жатқан колледж студенттерінің шәкіртақысы 25 пайыз көбейтіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде