{metadescription}
Атырауда үйден үш адамның өлі денесі табылды

Атырауда үйден үш адамның өлі денесі табылды

Атырауда үш адамның өліміне қатысты іс тергеліп жатыр.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сай, қала маңындағы жаңа аудан - «Жұлдыздағы» жеке үйлердің бірінен үш адамның денесі табылған. Ажал құшқан үшеудің екеуі - ер адам, біреуі - әйел. Олар газдан улануы мүмкін деген күдікпен сараптама жүргізіліп жатыр.

Полиция департаментінің хабарлауынша, сотқа дейінгі тергеу де жүргізіліп жатыр. Адамдардың неден өлгені анықталғаннан кейін ғана қылмыстық іс қозғау-қозғамау туралы шешім қабылданады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде