{metadescription}
Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды

2020 жылдан бастап бір жеке тұлғаның атына тауарларды әкелу бойынша шектеулер алынып тасталады.

Бұл туралы ҚР-ның қаржы министрілігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. 

"2020 жылғы 1 қаңтардан бастап халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін, сондай-ақ тасымалдаушы жеткізетін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелудің нормалары 200 еуроны және 31 килограмды құрайтын болатындығын еске саламыз", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта (2019 жылдың 31 желтоқсанға дейін) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлемей әкелінетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың нормалары бір жеке тұлғаның атына күнтізбелік 1 ай ішінде 500 еуро және салмағы 31 кг құрайды.

Бұған қоса комитет қызметкерлері белгіленген нормалар асқан жағдайда, құндық және/немесе салмақ нормаларынан асқан бөлігінде құнынан 15 пайыздық, салмақтың 1 килограмы үшін кемінде 2 еуро ставкасы бойынша кедендік төлемдерді төлеу керектігін ескерді.

Бұл деп отырғанымыз бағасы 300 еуро болатын интернет-дүкендерден тапсырыс берілген жіберілім, жолаушыларға арналған кедендік декларациясын тапсыру жолымен, сондай-ақ құндық нормасынан асатын бөлігінде кедендік төлемдер құнының 15%-дық мөлшері бойынша кедендік декларациялауға жатқызылады (яғни 100 еуродан 15%-дық) немесе жіберілімінің құны 200 еуродан аспаса, бірақ оның салмағы 35 кг болса (яғни салмақ нормасынан 4 кг асып тұрса), онда 4 кг кедендік баждармен салынады деген сөз.

Дереккөз: Stan.kz   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде