{metadescription}
Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді

Алматы облысында 8 жасар баланы ит талап өлтірді

Неміс овчаркасы 8 жасар баланы талап тастады.

Оқиға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында болған. Талап тастаған сол отбасының иті екен. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қайғылы оқиға 30 қарашада болды. Жантүршігерлік жағдайда қайтыс болған бала - екінші сыныптың оқушысы. Оның денесін туысқандары тапқан.

«Баланың өлімі расталды. Қазір істі Шелектінің полиция бөлімі тексеріп жатыр. Ит сол отбасына тиесілі. Арнайы қызмет өкілдері итті өлтірді. Істің тергеу барысы облыстық департаменттің бақылауында. Сараптаманың нәтижесінен соң шешім қабылданады», - деді Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде