{metadescription}
Қазақстанда «оралман» термині «қандас» деп алмастырылды

Қазақстанда «оралман» термині «қандас» деп алмастырылды

Көші-қон процестерін жетілдіру мәселесі жөніндегі заң жобасында осындай норма қарастырылған.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

«Өздеріңіз білесіздер, Президент өзінің ұстанымын айтып, «оралман» терминінен бас тартып, «қандас» деген дұрыс екенін білдірген еді. Сондықтан бүгін талқыланған заң жобасында бұл норма келісілген. Егер де алдағы уақытта құжат қабылданса, онда «оралман» түсінігі «қандас» сөзіне алмастырылады», - деді ведомство басшысы Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда, министр бұл терминге қатысты қоғамдастық тарапынан да ұсыныстар болғанын еске салды.

«Мен бұл ұсынысты қолдаймын. Жеке өз басым қандас бауырларымыз деп сөйлеймін. Ол маған кішкене жақындау. Сосын барлық жерде пайдаланылған «оралман» термині енді «қандас» термині болып жазылады», - деді Б. Нұрымбетов.

Айта кетейік, 19 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты «оралман» сөзінен бас тартып, оның орнына «қандас» сөзін пайдалануды тапсырды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.