{metadescription}
15 жыл күйеуінен қорлық көрген қазақстандық әйел Испанияға қашып кетті

15 жыл күйеуінен қорлық көрген қазақстандық әйел Испанияға қашып кетті

Петропавл тұрғыны Вероника Ветрова 15 жыл бойы тұрмыстағы зорлық құрбаны болып келген.

Айтуынша, Қазақстан заңы қарастырылғанымен зорлық мәселесін шешу қиын, ал Испанияда тиран-күйеуді "бірден орнына қояды". Вероника 15 жыл бойы бір адаммен өмір сүріп, бес баланың анасы атанған. Сырт көзге сыйлы болып көрінген күйеуі оны күнделікті ұрып соққан. Әлбетте түзде жүргенде жақсы адам кейпінде танылған азаматты үйде жүріп ашуға тез беріліп, әйеліне күн бермейтіндердің қатарында деп ешкім ойламайды. Верониканың айтуынша, оның тұрмыстық зорлық көріп жүргеніне ешкім сенбеген, тіпті  басынан мұндай жағдай өтпесе өзі де таң қалушы еді.

"Алғаш рет 2007 жылы полицияға арыз бергенмін. Кейін ондағылар зорлыққа тап болған әйел құқығын қорғайтын ұйымға баруымды нұсқады. Алайда оның бірі де көмектеспеді. Күйеуім қорқытып, барлық шындықты айта алатындай жағдайда болмадым", - дейді Вероника.

Үйде ұрыс-керіс болған уақытта Верониканың күйеуі есіктерді құлыптап алып отырған. Бір күні тіпті қатты тұншықтырып, тамағын бар күшін салып аяғымен басқан. Ауа жетпегеннен әбден қиналған Вероника сол күні-ақ ебін тауып үйден қашып кеткен. Жағдайда күйеуінің туыстарына айтып түсіндірген, алайда ештеңе өзгермейді. Барлығы сол қалпы қалады. 

"Мен күйеуімнен қатты қорқатынмын. Балаларымды қайтып алсам деп қиналатынмын. Оны қамап тастаған күннің өзінде, балаларды көру үшін бәрібір келер еді. Күйеуім мені де, туыстарымды да өлтіремін деп қорқытатын. Оның айтқанынан еш шыға алмадым", - дейді Вероника Ветрова.

Күйеуінің жұмысына байланысты Вероника отбасымен бірге біраз уақытқа Испанияға кетеді. Ол жақта зорлық көрген Вероникаға Испания соты біршама көмек береді. Күйеуін 9 айға қамауға алып, ал Вероника мен бала-шағасына әлеуметтік көмек көрсетеді. Сотқа қайта шағымданған кезде европалық прокуратура Верониканың күйеуін 10 жылға Шенген визасын қолдануға тыйым салады.

Алайда Вероника елге оралады. Оның азабы мұнымен бітпейді. Күйеуі Ресейге көшіп кеткеніне қарамастан бірнеше рет арыз жазып, балаларды алмақшы болады. Верониканығң айтуынша, тұрмыстағы зорлыққа қатысты заңды күшейтсе, қоғамда қайғылы оқиғалар аз орын алар еді. 

Дереккөз: Stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде