{metadescription}
Имам мұсылмандарға өз қыздарын зорлауға рұқсат етті

Имам мұсылмандарға өз қыздарын зорлауға рұқсат етті

Мысыр имамы Мазен аль-Серсави некесіз туған қыз баланың әкесіне ешқандай қатысы жоқ, сондықтан оларға басқалар сияқты қарай беруге болады.

Сунниттік бағыттағы Аль-Азхар университетінің имамы Мазен аль-Серсави "еркектер өз қыздарымен жыныстық қатынасқа түсе алады" деп мәлімдеген. Себебі заңсыз өмір келген қыз баланың әкесіне қатысы жоқ-мыс. Оның бұл пікірі жазылған видео желіде кеңінен тарап, көп рет қаралған. Алайда Мәскеу университетінің профессоры Роман Силантьевтің айтуынша, Мазен аль-Серсавидің пікірі өіне ғана тиесілі, Мысыр мешітінің ұстанымы бұл ұстанымға мүлде қарсы дейді. 

"Университетте аталмыш мәселеге байланысты ортақ шешімнің болмауы мүмкін. Қаншама жат ойлар айтылғанмен, кейбір сенімдер толығымен дұрыс емес деп танылған жоқ. Мәселен Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ-тың мысалында кішкентай қыздарға не болатындығын және бала саудасы қалай жүзеге асатындығын көрдік. БАҚ құралдары аль-Серсавидің ойын қаншалықты дұрыс жеткізсе де, басқа мемлекеттер оның айтқандарына сенбейді", - деді Силантьев.

Бүгінгі таңда Египет елінде ислам тұрғысынан әйел адамның қоғамдағы рөлі туралы дау көп. Наби аль-Вахш есімді қорғаушы ашық-шашық киініп жүретін әйелдерді зорлау керек деп мәлімдеме жасаған. Бұл мәлімдеме жергілікті телеарналардан көрсетіліп, одан соң Египеттің әйелдер жөніндегі Ұлттық Кеңес мүшелері телеарнаға және  қорғаушының өзін сотқа беретіндігін хабарлаған. Олар әйелге зорлық көрсетуді насихаттайтын адамдарды телеарнаға шақырмауды сұраған. 

Дереккөз: Stan.kz   

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде