{metadescription}
Тоқаев Роза Рымбаеваға құрметті атақ берді

Тоқаев Роза Рымбаеваға құрметті атақ берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулыға қол қойды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваны наградтау туралы жарлыққа қол қойды. 

"Ұлттық мәдениетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, ән өнерін насихаттаудағы ерекше еңбегі үшін "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының әртісі Роза Рымбаеваға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - деп жазылған қаулыда.

Сондай-ақ, өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін дәл осындай құрметті атаққа "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалы – "Жезқазғантүстімет" кен өндірістік кешенінің ұңғылаушысы Тұрсынбек Мәкішев ие болды. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде