{metadescription}
Модель: Ешбір әйел өз қалауына қарсы хиджаб киюге міндетті емес

Модель: Ешбір әйел өз қалауына қарсы хиджаб киюге міндетті емес

Жалаңаш жүру мен сексуалдылық үстемдік құрған сән әлемінде Халима Аден подиумға хиджаб киіп, салмақты образбен шығады.

Жанкүйерлері сұлулығына тамсанса, сыншылар оны дінді қарабет қып жүр дейді. Сомалиден келген босқын, аса консервативті ортада өскен Халима екі-ақ жылдың ішінде карьера жасап, сән көрсетіліміндегі атақты адамдардың біріне айналды.

"Бес уақыт намазымды толық өтеуге тырысамын, бірақ кейде уақыт тапшы болып жатады", - дейді Халима.

22 жастағы Халима Аден британдық Vogue журналына түскен алғашқы хиджаб киген модель, әдетте жалаңаш модельдер түсетін америкалық Sports Illustrated журналына да алғашқылардың бірі болып буркинимен фотоға түскен. Халима Кениядағы босқындар лагерінде дүниеге келген. Оның отбасы Сомалиден шыққан: 90-жылдары Африкадаға қантөгіске толы соғыстан қашып шығады.

Анасы Кенияға 12 күн жаяу жүріп жеткен. Халима алтыға толғанда анасы мен бауыры үшеуі Америка көшіп кетеді. Ал әкесінен соғыс кезінде ажырап қалады. Айтуынша, жасөспірім кезінде құрдастарымен сөзге көп келген. Оның басындағы орамалына қарап, шашы кір деп немесе террористер туралы айтып қылжақтаған. 

Халима 19-ға толғанда алғаш рет хиджаб пен буркини киіп шыққан "Мисс Миннесота" сайысының қатысушысы болған. Халиманың анасы қызының таңдауына қарсы, оның ойынша сән әлеміндегі қызмет дінге қайшы. Анасы дін негізін қатты ұстанатын, қара жамылып жүретін мұсылман әйел.

"Халиманың көпшілік ортада жүруі, көз тіге қарайтын ер адамдардың ортасында болғаны маған ұнамайды", - деді анасы Al Jazeera-ға берген сұхбатында.

Оның жақындары сән әлемін дұрыс түсінбейтінін және жалаңаш жүреді деп қауіптенетінін де жасырмады. Алайда бүгінде Халиманың жетістіктеріне қуанатындар көп.

"Ешбір елде әйел адам өз қалауына қарсы хиджаб киюге міндетті емес. Дәл сол сияқты қалауынан тыс оны шешуге де жол жоқ. Өзімді әдемі әрі сенімді сезінетіндіктен мен хиджаб киемін. Хиджаб туралы айтсақ, бірден жағымсыз пікір пайда болады. Бұл тақырып тым саясиланып кеткен. Мен ол ұғымды өзгерткім келеді. Мен жаспын, сән әлемін сүйемін, жаным мен сезу қабілетім бар. Өзгелерден ерекше ештеңем жоқ", - деді ол.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде