{metadescription}
Түркістан облысында пара алып жатқан соттың видеосы жарияланды

Түркістан облысында пара алып жатқан соттың видеосы жарияланды

Күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасымен бірлесіп Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының пара алу фактісінің алдын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

"2019 жылы 11 желтоқсанда қылмыстық қудалау бойынша артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға Бас Прокурордың келісімі алынды", - делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.

Тергеу барысында судьяның Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен шетелдік азаматтардың көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарағаны үшін жүйелі түрде пара алуға қатысы бар-жоғы тексерілді. Күдіктінің кінәсіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде