{metadescription}
Алматының бірнеше ықшам ауданында суық су болмайды

Алматының бірнеше ықшам ауданында суық су болмайды

Бостандық ауданына қарасты бірқатар аумақтағы тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.

Бұл туралы "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның мәліметінше, 13 желтоқсан күні 00:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданының Әл-Фараби – Гагарин – Абай – Әуезов көшелері контурында – Ботаникалық бақтың батыс шекарасы, сондай-ақ "Бағанашыл", "Қазақфильм" мен "Нұр Алатау" ықшам аудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.

Сонымен қатар, Абай – Гагарин – Төле би көшелері – Есентай өзені контурында орналасқан ғимараттарда судың қысымы төмендеуі мүмкін. Суық судың уақытша ажыратылуы магистральды су өткізгіштің зақымдалған бөлігін ауыстыру қажеттілігімен байланысты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде