{metadescription}
Боксшы Бекзат Нұрдәулетов «Құрмет» орденімен марапатталды

Боксшы Бекзат Нұрдәулетов «Құрмет» орденімен марапатталды

Спортшыға орденді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі табыстады.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. 

«Құрмет» орденімен марапатталған жандар қатарында бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов те бар. 21 жастағы боксшы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем біріншілігінде 81 келіде топ жарып, алтын жүлде жеңіп алған болатын. Спортшыға орденді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі табыстады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде