{metadescription}
Медбике жаңа туған сәбиді ұрлап, баласы жоқ туысына апарып берген

Медбике жаңа туған сәбиді ұрлап, баласы жоқ туысына апарып берген

Пәкістанның Белуджістан провинциясында жұмыс істейтін медбике ауруханадан жаңа туған егіздің бір сыңарын баласы жоқ туысына ұрлап қашқан. 

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, 4 желтоқсан күні Абдул Хамид есімді азамат өзінің жүкті әйелі Джамила Бибіні Лоралай қаласындағы ауруханаға жеткізіпті. Әйелі босанған соң ер азаматқа баласы мен жарын үйіне алып баруға рұқсат етіпті. 

Бибі тек 6 желтоқсан күні есін жиған көрінеді. Бұл уақытта оның баласы шетінеп кеткен көрінеді. Әйел егіздің екінші сыңары қайда деп сұрағанда жаға ұстарлық жайтты естіген. Ерлі-зайыпты дереу полицейлерге хабар берген. Артынша оқиға бойынша әйел босанған күні кезекші болып жұмыс істеген медбикені қолға түсіріпті. Медициналық орталықтың қызметкері істеген ісін толығымен мойында, баланы ұрлап апарған мекен-жайға дейін айтып берген. 

тәртіп сақшылары бұл іске медбикеден бөлек тағы екі қызметкердің қатысы бар екендігін анықтапты. Баланы ұрлаған әйел 17 жыл бойы сәби сүйе алмай жүрген туысына алып барып беріпті. Қазіргі таңда бұл іске қатысы бар, 4 адам қолға түсіп, олардың істіне қылмыстық іс қозғаған.                                                                     

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.