{metadescription}
Жанартаудың атқылауынан 6 адам мерт болды

Жанартаудың атқылауынан 6 адам мерт болды

Жанартау атқылаған сәтте жақын маңда шамамен жүз адам бар еді.

Жаңа Зеландия полициясының баспасөз қызметі Уайт-Айленд аралындағы жанартаудың атқылауынан қаза тапқан алты адамның мүрдесі табылғанын ТАСС-қа мәлімдеді. 

«Уайт-Айленд аралынан табылған алты адамның мүрдесі қазір Wellington күзет кемесіне жеткізілуде», - делінген хабарламада.  

Қазіргі таңда Жаңа Зеландияның күйік орталықтарында жанартау атқылауынан зардап шеккен 17 адам жатыр. Олардың 13-еуі - ауыр хәлде. 11 зардап шегуші Австралияға жіберілді. Жанартау атқылаған сәтте жақын маңда шамамен жүз адам бар еді. Жанартаудың атқылауы Уайт-Айленд аралында жергілікті уақытпен сағат 14:15-те болған. Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі ұлттық агенттік қазір төнуі мүмкін қауіптің деңгейін бақылауда. 

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде