{metadescription}
Прокурорлар қылмыс үстінде ұсталды

Прокурорлар қылмыс үстінде ұсталды

10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалаған прокурорлар қолға түсті.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдары қызметкерлерінің заңға қайшы әрекетінің жолын кесті.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті бас прокуратураның ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, 2019 жылдың желтоқсанында прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерлік өкілінен аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алмақ болған әрекетінің жолын кесті", - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Атап айтқанда, 2019 жылдың 10 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 миллион теңге мөлшерінде қорқытып ақша алу кезінде Қазақстан бас көлік прокуратурасы қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Әлжаппар Құтанов және ШҚО прокуратурасы қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Айдос Рамазанов қылмыс үстінде ұсталды.

Тағы оқыңыз: Бұрынғы облыс әкімінің інісі 500 миллион жымқырды деген күдікке ілінді. Ұсталғандарға қатысты Қазақстан қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Қорқытып алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Дереккөз: sputniknews.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде