{metadescription}
«Хан Шатырда» өрт шықты

«Хан Шатырда» өрт шықты

«Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығы бутиктерінің бірінен өрт шықты.

Бұл туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді.

«14 желтоқсанда сағат 06:23-де «101» қызметіне «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығындағы «Climber» бутикінен бірінен өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сағат 06:48-да толық сөндірілді. 5 шаршы метр аумақ жанып кетті. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығу себептері анықталуда»,- делінген ТЖК хабарламасында.

Еске салсақ, өткен қараша айында «Хан Шатырдың» астыңғы қабатынан өрт шықққан болатын.

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде