{metadescription}
Алматылық жұмыс істейтін жастар пәтерлі болды

Алматылық жұмыс істейтін жастар пәтерлі болды

Бақытжан Сағынтаев Тәуелсіздік мерекесі алдында жастарды қабылдап, пәтер кілттерін табысталды.

Бұл пәтерлер «Алматы жастары» бағдарламасымен 5 жылға сатып алу құқығынсыз беріліп отыр. Бағдарламаның бірінші пулы бойынша барлығы 1244 өтініш келіп түскен, соның ішінде балдық жүйеге сәйкес келген 249 үміткер бүгін пәтер кілтіне қол жеткізді. Қала әкімі пәтер кілтін алып отырғандар әр салада жұмыс істейтінін және бар болғаны 24 жастағы жастар екенін айтып өтті.

«Бұның барлығы Елбасының биылғы жылды Жастар жылы деп атауымен іске асып отыр. Осында білім алып, баспаналы болып жатырсыздар. Бұдан артық қандай бақыт керек! Мемлекет әрдайым жастарға үлкен қамқорлық жасап келе жатыр. Жастар жылы аясында Алматыда 1050 пәтер беру көзделген. Бүгін сіздер алғашқы лекпен кілтті алып отырсыздар, қалған 801 пәтер де жыл соңына дейін беріледі», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, ол бұл бағдарлама Елбасының тапсырмасына сәйкес алдағы екі жылда жалғасын табатынын жеткізді. Яғни осы бағдарламаның аясында 3 мыңнан астам жастарымыз баспаналы болады. Оған қоса біз әкімшіліктің тарапынан тағы 1 мың пәтерге қаржы бөлінген.

Бүгін баспаналы болғандардың ішінде көпбалалы отбасылар, білім беру, денсаулық сақтау қызметкерлері және құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар. Жастарға берілген пәтерлер Алатау ауданындағы Көкқайнар ықшамауданында орналасқан. 24 жастағы Айжаным Нұрсұлтанқызы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында баспаналы болып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Дереккөз: Baq.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.