{metadescription}
Бибігүл Төлегенова I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Бибігүл Төлегенова I дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары тапсырылды.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына келіп, мәдениет пен өнер саласындағы мемлекеттік марапат иелерін құттықтап, төсбелгілерін табыстады. Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мемлекеттегі және қоғамдық қызметтегі еңбегі, елдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін I дәрежелі «Барыс» орденімен қазақ ән өнерінің бұлбұлы Бибігүл Ахметқызы Төлегенова марапатталды.

Ақтоты Райымқұлова Бибігүл Төлегеноваға орден тағып, президенттің сәлемін жеткізді. Ал қазақтың бұлбұл әншісі өзінің бақытты екенін айтты.


 

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде