{metadescription}
Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты

Ақтауда жаттығу кезінде 23 жастағы спортшы қаза тапты

23 жастағы ақтаулық жігіт қоян-қолтық күрестен жаттығу кезінде көз жұмды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс жағдай 11 желтоқсан күні болған.

«11 желтоқсан күні кешкі 20.56 шамасында жедел жәрдем қызметіне шақырту келді. Дереу бригада жіберілді. Алайда, ол дәрігерлер жеткенше көз жұмған. Сол жерде болғандардың айтуынша, марқұм кеудеге тиген соққыдан кейін құлап қалыпты», - делінген хабарламада.

Ал, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бабы бойынша іс қозғалған. Барлық қажетті сараптама тағайындалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде