{metadescription}
Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Атырау облысында бүлдіршін қаламсап қалпақшасын жұтып қойды

Атырау облысында дәрігерлер пластмасса қалпақшасын  жұтып қойған баланы құтқарып қалды.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 13 желтоқсанда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне 2011 жылы туылған бала жөтел қысып, тынысы тарылғанын айтып шағымданған. Кезекші дәрігер рентген жасай отырып, баланың бронхында бөгде заттың тұрғанын анықтаған, деп жазады stan.kz.

"Балалар ауруханасының дәрігері Зауре Нұрмахамбетқызы жоғары технологиялық жабдықтардың арқасында операция жасамай, баланың бронхынан бөгде затты (қаламсаптың пластикалық қалпақшасын) сәтті алып тастады. Қазіргі уақытта бала өзін жақсы сезініп, үйіне жіберілді", - деп хабарлады ведомстводан.

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде