{metadescription}
Автобус құздан құлап, 14 адам мерт болды

Автобус құздан құлап, 14 адам мерт болды

Непалда автобус аударылып, 14 адам қаза тапты және 18-і жарақат алды.

Полицияның мәліметінше, жексенбі күні тәу етушілер мінген автобус тасжолдан шығып кетіп, құздан құлап түскен. Соның салдарынан 14 адам қаза тауып, 18-і түрлі дене жарақатын алды. Басылым атап өткендей, тәу етушілер индуистік храмға барып, үйлеріне қайтып бара жатқан. Автобус ел астанасы Катмандудан шығысқа қарай 80 шақырым жерде апатқа ұшырады.

Құтқарушылар зардап шеккен жолаушыларды шығарып алып, оларға көмек көрсету үшін жақын жердегі ауруханаға жеткізген. Полицияның ақпаратына сәйкес, жол жаңбыр мен температураның төмендігіне байланысты тайғақ болған. Таңғы тұманнан жол да көрінбеген. Сондай-ақ, полиция көлік құралы бұзылған деген нұсқаны да қарастырып жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде