{metadescription}
Алматыдағы қардың қалыңдығы 50 сантиметрге жетті

Алматыдағы қардың қалыңдығы 50 сантиметрге жетті

Кеше түнде елордадан 25 394 текше метр қар шығарылды.

Астанада қар қалың жауғандықтан, қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 21 желтоқсанның түнгі ауысымына 938 техника бірлігі мен 264 жол жұмысшысы жұмылдырылып, қар тиелген жүк көліктері қала сыртына 2 116 рейс жасады. Жалпы, осы уақытқа дейін полигонға 79 545 рейс жасалып, елордадан 954 540 текше метр қар шығарылды.

Айта кетсек, бүгінгі күндізгі ауысымға 1142 техника бірлігі мен 1 799 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Сондай-ақ Алматы қаласында да қалың қар түскен. Кеше түстен кейін бастап жауған қардың қалыңдығы 50 сантиметрге жетіп, мұндайды сирек көретін оңтүстік астана тұрғындары әбігерге түскен. Бүгін сағат 10.00-дегі көрсеткіш бойынша қар қалыңдығы 33 см болыпты. Алматы қаласын қардан тазартуға 551 техника бірлігі мен 356 жол жұмысшысы шыққан. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде