{metadescription}
Антарктидада жылына 126 мың доллар жалақы төлейтін жұмыс орны ашылды

Антарктидада жылына 126 мың доллар жалақы төлейтін жұмыс орны ашылды

Кандидатқа қандай да бір нақты талап қойылып отырған жоқ: ол кәсіби шеберлікті қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды атқарады.

Австралияның антарктика бөлімі Антарктидадағы станцияға қара жұмысшы іздеп жатыр: өтініш берушіге 126 мың доллар көлемінде жылдық жалақы ұсынылды. Кандидатқа қандай да бір нақты талап қойылып отырған жоқ: ол арнайы немесе кәсіби шеберлікті қажет етпейтін әртүрлі жұмыстарды атқарады, деп жазады sputniknews.kz.

Жалақыдан басқа, ол қызметкерге 40 мың доллар көлемінде арнайы жәрдемақы беріледі. Сонымен бірге, қызметкердің тамағы мен жүріп-тұру шығынын бөлім өз мойнына алады. Кандидат іріктеудің екі кезеңінен өту керек: онда адамның ептілігі мен тұрақты шағын ұжымда қаншалықты ұзақ жұмыс істей алатындығы анықталады. Бұл бос жұмыс орнына кез келген адам өтініш бере алады – бөлім құжаттарды 2020 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылдайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.