Жеңілмеген қазақ боксшы Ресейде қарсыласын сұлатып салды
Екінші орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental титулдарының иегері, боксшы Айдос Ербосынұлы венесуэлалық қарсыласы Омар Гарсияны жеңді.
08:14 23.12.2019
10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Красноярсктегі бокс кешінің андеркартында өтті. Айдос Ербосынұлы мен Омар Гарсия арасындағы кездесу сегізінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Жекпе-жек барысында қазақ боксшысы қарсыласына ауыр соққыларын дарытып, нәтижесінде төрешілер кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған.
Айдос Ербосынұлы үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 13-ші (8 нокаут) жеңісі болса, 29 жастағы Гарсия мансабында үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Ол шаршы алаңда 15 рет (12 нокаут) жеңіске жеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!