{metadescription}
Жеңілмеген қазақ боксшы Ресейде қарсыласын сұлатып салды

Жеңілмеген қазақ боксшы Ресейде қарсыласын сұлатып салды

Екінші орта салмақтағы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Сontinental титулдарының иегері, боксшы Айдос Ербосынұлы венесуэлалық қарсыласы Омар Гарсияны жеңді.

10 раундқа жоспарланған жекпе-жек Красноярсктегі бокс кешінің андеркартында өтті. Айдос Ербосынұлы мен Омар Гарсия арасындағы кездесу сегізінші раундта отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Жекпе-жек барысында қазақ боксшысы қарсыласына ауыр соққыларын дарытып, нәтижесінде төрешілер кездесуді тоқтатуға мәжбүр болған.

Айдос Ербосынұлы үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 13-ші (8 нокаут) жеңісі болса, 29 жастағы Гарсия мансабында үшінші рет жеңіліс тауып отыр. Ол шаршы алаңда 15 рет (12 нокаут) жеңіске жеткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде