Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
БҚО-да гараж бен автокөлік өртеніп кетті
Батыс Қазақстан облысында гараж бен автокөлік жанып кетті.
15:27 23.12.2019
БҚО ТЖ департаменті азаматтық қорғау саласында апат қаупін төмендету және бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға 22 желтоқсан күні Бәйтерек ауданы Макаров ауылында болды. Сағат 05.36-да жеке үйдің ауласында шаруашылық құрылысы, гараж және «ВАЗ-21074» автокөлігінің отқа оранғаны жөнінде хабар түскен. Аумағы 80 шаршы метрді қамтыған өрт 5 адам, 2 техниканың күшімен сағат 08.12-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде. Биыл өртенген көліктер саны 104-ке (өткен жылы осы мерзімде – 120) жетті. Сондай-ақ биыл тұрғын үй секторында 380 өрт (өткен жылы – 469) тіркелді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram