Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда әкесін атып өлтірген қыз жазадан босатылды
Қостанай облысында әкесін атып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты.
16:49 23.12.2019
Биыл 12 мамырда Алтынсарин ауылының тұрғыны үйінде тіркеуден өтпеген аңшы мылтығымен әкесін атып өлтірген. Сотталған әйел психикалық дерті бойынша ІІ-топтағы мүгедек болғанына қарамастан ұзақ уақыт бойы әкесін бағып-қағып келген. Осы жылдың 12 мамырында ер адам қайтыс болды. Сол ауылда тұратын тағы екі қызы үйге келіп, учаскелік инспектор мен медицина қызметкерін шақырды.
"Учаскелік инспектор туыстарының ер адам өзінен мерт болды деген уәжіне қарамастан оқиға орнына тергеу-жедел тобын шақырды. Тихоненконың мәйіті аудандық мәйітханаға жіберілді, онда жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша оның мылтық оғынан жараланып, көз жұмғаны анықталды", - деді судья Алтынай Сағындықова.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, Анатолий Тихоненко өлі күйінде табылған кезде оның үстінде киімі болған әрі денесінде қан іздері көрінбепті. Тек мәйітханадағы тексеру кезінде мәйіттің кеудесінен пластырь табылыпты. Пластырды оның кеудесінен алған кезде Тихоненкоға оқ тигені анықталды. Оқ азаматтың жүрегі мен өкпесін тесіп өткен. Осы фактіден кейін іздестіру шараларын күшейткен полиция марқұмның үйінен ешқандай да қару таппаған. Тәртіп сақшылары күдіктілерді бірінші рет тергеп, "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Полиция қызметкерлерінің, учаскелік инспектордың, тергеушінің сұрақ-жауап алуы кезінде Пурик бастапқыда әкесіне өзі сұраған соң оқ атқаны туралы айтқан", - деді судья.
Сот күдіктінің ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-тармағы ("Адам өлтіру") бойынша заңға қайшы әрекетті ессіздік жағдайында жасағаны туралы үкім шығарды. Тихоненко соңғы кездері қатты ауырып, дерті жанына батқанда бірнеше рет өлгісі келетінін айтыпты. Соттың мәліметінше, ол ақыл-есі дұрыс емес қызынан оған көмектесуін сұраған. Әйелдің есі дұрыс емес екенін, бүгіндері Пурик жатқызылған, Алматы облыстық арнайы мекемеде өткізілген психиатриялық сараптама растады. Сол себептен Лариса Пурик қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram