{metadescription}
Алматыда шұжықтарды халал деп сатқан өндіруші әшкере болды

Алматыда шұжықтарды халал деп сатқан өндіруші әшкере болды

Алматыда танымал шұжық өндіруші мекемен дауға ілікті.

Халал деп шұжықтарын шығарып жүрген олардың өнімі шын мәнінде талаптарға сәйкес емес көрінеді. Ал тексерісті өз қолдарына алған ауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті шұжық сүйер жұртты сақ болуға шақырды. Мегаполистің санитарлары шұжық өнімдерінен бөлек басқа да тағамдарға сараптама жүргізіпті.

Олар бұған қоса тауық етінің құрамының дұрыс еместігін анықтапты. сонымен қатар ірі мекеме шығарытын бұл өнімдер техникалық талаптарға сай емес болып шығыпты. Сол себепті мамандар сенімсіз өндірушілердің өнімдерін тұтынбауға кеңес берді. Жыл басынан бері тұрғындар тарапынан 700-деп астам шағым түскен. Осыған сәйкес шұжық пен кондитерлік тәттілер сапасыз өнімдердің көшін бастап тұрған көрінеді. Ал жаңа жыл мейрамы кезінде дәл осы өнімдер дастарқан басынан табылатыны айтпаса да белгілі. 

"Оның бәрін тексерілген кезінде нәтижесіне қарай барып штраф салынады. Керекті өнімдердің бәрі сатылымнан алынады. Одан кейін оның өзінің өндірушісі табылады. Бірінші, табылғаннан бастап айыппұлдар салынады. Бүгінгі күнде ол 500 мыңнан астам айыппұл. Аз емес. Содан кейін тағы шығып тексереміз. Оның алдында табылған бұзушылықтарды жойдық, енді жойылмағанды қайта тексереді", - деп мәлімдеді тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде