{metadescription}
Бизнесмен Павлодар облысы әкімінің портретін сатып алды

Бизнесмен Павлодар облысы әкімінің портретін сатып алды

Павлодарда өткен аукцион видеосы әлеуметтік желіні дүрліктірді.

Облыс әкімдігі қайырымдылық шарасына түсініктеме берді. Павлодардағы қайырымдылық балында өткен аукционда облыс әкімі Болат Бақауовтың портреті сатылды. Әлеуметтік желіде тараған видео бойынша, аймақ басшысы бейнеленген картина 31 миллион теңгеге (шамамен 82 мың доллар) сатылды. Ролик кадрларынан картинаны сатып алған азаматты – жергілікті кәсіпкер Гнел Акопянды да көруге болады.

Бұл видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін Павлодар облысының әкімдігі жедел түрде брифинг өткізді. Онда өңір басшысының баспасөз хатшысы Ернар Сейтахмет шын мәнісінде әкімнің портреті біршама аз сома – 700 мың теңгеге (1,8 мың доллардан астам) сатылғанын ресми түрде мәлімдеді. Оның мәліметінше, облыс әкімінің дәстүрлі қайырымдылық балында барлығы  52,2 миллион теңге (138 мың доллар) жиналды. Сейтахметтің айтуынша, бұл сомаға аукционда билеттер мен заттардың сатылымынан түскен қаржы кіреді.

"Облыс әкімі Болат Бақауовтың портретін оған ауған жауынгерлері сыйлаған. Ол 700 мың теңгеге сатылды. Картинаны бизнесмендердің бірі сатып алды, кім екенін нақты білмеймін", - деп түсініктеме берді Ернар Сейтахмет.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде