{metadescription}
Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді

Қазақстандағы ең үлкен ту төмен түсірілді

Бүгін 12 адамның өмірін қиған қайғылы жағдайға байланысты елде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Елордада орналасқан Қазақстанның ең үлкен туы бағана биіктігінің жартысына дейін түсірілді. Оның фотосы Желіде жарияланды. Қазақстанның ең үлкен туы Нұр-Сұлтанның орталығында "Атамекен" этно-мемориалдық кешені аумағында орнатыған. Оның ресми ашылуы он жыл бұрын елорда күнін мерекелеу аясында өтті.

Тудың көлемі – 450 шаршы метр, ал салмағы 90 килограмм тартады. 15-те 30 метрлік елдің басты туы жай күндері 111 метр биіктікке көтеріледі. 1991 жылдан бастап Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан тарихында ұлттық аза тұту сегіз рет жарияланды.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшыраған болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде