{metadescription}
Ұшақ апатында жас жігіт жүкті әйелді денесімен жауып қалған

Ұшақ апатында жас жігіт жүкті әйелді денесімен жауып қалған

Алматы маңында «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы құлаған сәтте жолаушылардың бірі жанында отырған жүкті әйелді денесімен жауып аман алып қалған.

Бұл туралы ұшақта болған жолаушылардың бірі Әсем Жапишева өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. Bek Air бортында Гүлім Акишева мен Темірлан Қадауов бірге орналасқан орындықтарға түсіпті. Гүлімнің туыстарының сөзінше, әйел 5 айлық балаға жүкті екен. 

«Оның жанында менің қызым Гүлім Ақышева отырды және ол жүкті еді. Темірлан ұшақ құлаған сәтте оны денесімен жауып қалған. Апаттан соң қызымды қауіпсіз жерге апарып, өзі өзге жолаушылардың шығуына көмектескен. Ол нағыз ер азамат, өзінің жарақатына қарамастан осындай қиын сәтте батылдық танытты. Біз, Гүлімнің ата-аналары Темірланның ата-анасына осындай ер азамат тәрбиелегені үшін алғыс айтқымыз келеді», - деп жазды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде