{metadescription}
Ұшақтан қаза тапқандардың отбасына 12,5 млн теңгеден төленеді

Ұшақтан қаза тапқандардың отбасына 12,5 млн теңгеден төленеді

«Amanat» сақтандыру компаниясы «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендерге өтемақы төлейді.

Amanat сақтандыру компаниясы өзінің Facebook-тегі парақшасында Bek Air ұшақ апатынан жапа шеккен адамдарға төлемдер жүргізетінін мәлімдеді. Хабарламада Amanat компаниясы Bek Air компаниясының UP-F1007 борттық нөмірі бар Fokker 100 ұшағының сақтандырушысы екені айтылған.

Көлік құралы иесінің жауапкершілігі Amanat-та тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылған. «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңы бойынша сақтандыру төлемдерін денсаулығына зиян келген жолаушылар, сондай-ақ қаза тапқан жолаушылардың асырауында болған туыстары алады.

«Біз қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтамыз. Төлемдерді ресімдеу жедел әрі еш қиындықсыз өту үшін барлық күшімізді саламыз. Біз қаражатты Bek Air мен жолаушылардан қажетті барлық құжатты алғаннан кейін 7 күн ішінде төлейміз», – делінген хабарламада.

Осыған қоса сақтандыру компаниясында кімге қандай төлемдер берілетінін хабарлады: 

- мертіккен, жарақат алған немесе денсаулығына басқа де зақым келген жолаушылар емделуге жұмсалған нақты шығындар бойынша 200 АЕК-ке дейін (бүгінгі күні бұл 505 000 теңге) төлемдер алады;

- егер апат салдарынан адам мүгедек болып қалса, Amanat мүгедектік тобына қарай 2 500-ден 5 000 АЕК-ке дейін (6 312 000 – 12 625 000 теңге) төлейді;

- туған-туыстарынан айырылған адамдарға 5000 АЕК (12 625 000 теңге) төленеді.

Толық ақпарат алу үшін 7310 телефоны арқылы хабарласуға болады. Айта кетейік, Алматыдан шыққан Bek Air жолаушылар ұшағы Қызыл ту ауылында құлаған еді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.