{metadescription}
Қар көшкіні туристерді басып қалып, 3 адам көз жұмды

Қар көшкіні туристерді басып қалып, 3 адам көз жұмды

25 жастағы әйел мен екі 7 жасар қыз табиғат апатының құрбандарына айналды.

DW деректеріне сүйенсек, 28 желтоқсанда Аустриямен шекаралас жатқан Италияның Альпі тауларынан қар көшкіні жүріп, салдарынан 3 адам көз жұмды. Табиғат апаты 25 жастағы әйел мен екі 7 жастағы қыздың өмірін жалмады. Қыздардың бірі қаза болған әйелдің баласы болған. Барлығы - Германия азаматтары.

«28 желтоқсан күні күндіз Валь Сеналес (Шнальсталь) тау-шаңғы курортында шаңғышылар тобы қар көшкінінің астында қалып қойған. Құтқару операциясына 3 тікұшақ пен 70 құтқарушы жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Зардап шеккен әйел мен 7 жасар қыз оқиға орнында қаза тапты. Ал әйелдің қызы алған жарақаттарынан ауруханада қаза тапты. Қар көшкіні салдарынан тағы екі неміс жарақат алды, оның біреуі - 11 жасар бала. Олардың барлығы бір туристік топта болған. Құтқарушылар әлі де іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Себебі, апат болған сәтте күннің қараңғылығына байланысты қар көшкінінің астында әлі де адамдар бар-жоғын нақтылау мүмкін болмады.

Дереккөз: Baq.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде