Мексика түрмесіндегі бүлік: 16 тұтқын ажал құшты
Мексиканың орталық бөлігінде Сакатекас штатындағы «Сьенегильяс» түрмесінде сейсенбі күні болған тәртіпсіздік салдарынан 16 тұтқын қаза тауып, тағы бесеуі зардап шеккен.
20:30 01.01.2020
Бұл туралы El Universal газеті аймақтық қоғамдық қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасап хабарлады. Басылымның деректерінше, бір-бірімен жанжалдасқан сотталғандар тобы атыс қаруын қолданған. Өңір басшылығы түзеу мекемесіндегі оқыс оқиғаны растады.
Билік жағдайды бақылауына алған. Бас прокуратуа тәртіпсіздіктің себеп-салдарын тергеу жұмыстарына кірісті.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!