{metadescription}
Боранға байланысты бірнеше облыстарда жол жабылды

Боранға байланысты бірнеше облыстарда жол жабылды

Нұр-Сұлтаннан бірқатар бағыттарға жол жабық.

Мекеменің мәліметінше, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Нұр-Сұлтан маңында боранға байланысты жол жабылған, деп хабарлайды «QazAvtoJol» ұлттық компаниясы.

Атап айтқанда, «Нұр-Сұлтан - Петропавл» (18-231 шақырымы), «Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті» (16-200 шақырымы), «Екатеринбург - Алматы» (1006-1247 шақырымы), «Нұр-Сұлтан - Қабанбай батыр - Киевка - Теміртау» (51-102 шақырымы), «Қызылорда - Павлодар» (1135-1383 шақырымы), «Өскемен - Шемонаиха» (105-123 шақырымы) тасжолдары жабылды.

Көліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынған. Ал «Өскемен - Ресей шекарасы» (15-105 шақырымы) тасжолында тіркемесі бар ауыр жүк көліктерінің жүруіне шектеу қойылған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде