{metadescription}
Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

Жомарт Ертаев кінәсін мойындады

Алматыда өтіп жатқан сотта экс-банкир Жомарт Ертаев Bank RBK ісіне қатысты өз кінәсін мойындады. 

Жомарт Ертаевтың ісі бойынша басты сот отырысы Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында өтіп жатыр. Сот процесі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтіп жатыр. Сот залында 37 сотталушы отыр. Қылмыстық іс 700 томнан, ал айыптау актісі 3600 парақтан тұрады. Сонымен қатар судья сотталушыларға олардың құқықтарын да оқып берді.

«Кінәмді толық мойындаймын», - деді Ертаев мемлекеттік айыптаушының сөзінен кейін.

Естеріңізге сала кетейік, Жомарт Ертаев өткен жылдың мамырында Мәскеуде ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының өтініші бойынша ұсталған болатын. ҚР ІІМ мәліметінше, Ертаев аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін халықаралық іздеуде болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде