{metadescription}
Бес жастағы бала әкесін өлтіріп алды

Бес жастағы бала әкесін өлтіріп алды

Ресейдің Саратов облысында 5 жастағы бала 48 жастағы әкесіне оқ атты.

Оқыс оқиға 3 қаңтар күні Ресейдің Саратов облысы Ивантеевка ауылында болған. БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, баласы әкесіне мылтықты беріп жатып, оның шүріппесін басып қалған. Оқ оның мойнына тиген. Кейін ол алған жарақатынан көз жұмды.

"Қаза тапқан ер адамның бірнеше қаруы болған. Оның біреуін өз танысына беріпті. Ол әкімшілік құқық бұзуына байланысты қаруды сақтауға рұқсат беру мерзімін создыра алмаған. Сондықтан осындай шешім қабылдаған", - делінген хабарламада.

Саратов облысы бойынша тергеу комитеті оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде