{metadescription}
Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді

Үйі өртеніп кеткен ер адам күтпеген жерден мол олжаға кенелді

Австралия азаматы бағын сынап көруге шешім қабылдап, Қазақстанның ұлттық валютасына шаққанда, шамамен 259 миллион теңге ұтып алды  

Австралияда үйі өртеніп кеткен ер адам лотерея ойнап, миллионер атанды. Мол олжаға кенелген азамат Квинсленд штатының тұрғыны болып шықты. Ол өткен жылы Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы үйі өртеніп кеткенін айтты. Бұл үйде отбасымен бірге тұрған. Осы жылдың қаңтар айында австралиялық әйелінің сүйікті сандарын пайдаланып, онлайн-лотереяда бағын сынап көруге шешім қабылдайды. Нәтижесінде ол 1 миллион Австралия долларын (шамамен 259 миллион теңге) ұтып алып, миллионер атанды.

"Таңғаларлық жағдай. Өртеніп кеткен үйіміз сақтандырылмаған болатын. Жеңіс уақытында келді. Қызыл жалынға оранған үйімізден тек жанған бірнеше ыдыс-аяқ қалды", - дейді ол.

Австралиялық ұтып алған ақшасына үй салуды жоспарлап отыр.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде