{metadescription}
Қазақстандық спортшыны қытай жойқын нокаутқа түсірді

Қазақстандық спортшыны қытай жойқын нокаутқа түсірді

Айдын Көдеков (6-2) Мәскеуде өткен аралас жекпе-жектен Rebel Fighting Championship X турниріне қатысты.

Ол қытай файтері Шуо Ванмен (11-3) жекпе-жек өткізген болатын. Жеңілірек салмақ дәрежесіндегі кездесу екінші раундта Ванның жеңісімен аяқталды. Қытайдың тығыршықтай спортшысы сол аяғымен бауырдан жойқын соққы жасағанда, Көдеков екі бүктетіліп отырып қалып, артынша шалқасынан жатып алды.

Бұл – қазақстандық спортшы Айдын Көдековтің кәсіпқой кездесулердегі қатарынан екінші жеңілісі. Бұған дейін ол 6 жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын. Ал Шуо Ван болса, ММА-дегі 11-інші жеңісіне қол жеткізіп отыр.

Дереккөз: Sputnik

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде