{metadescription}
Атыраудағы мектеп дәретханасы қала тұрғындарының ашуын тудырды

Атыраудағы мектеп дәретханасы қала тұрғындарының ашуын тудырды

Балықшы шағын ауданында орналасқан мектептердің бірінде оқитын оқушылардың әкесі балалары баратын дәретханаға шағымданған.

Ер адамның сөзінше, ол ата-аналар жиналысына барып, білім мекемесіндегі дәретханалардың қандай екенін көрмек болып, әжетханаға кірген. Әкенің көргені оған мүлдем ұнамаған.

"Ата-аналар жиналысынан кейін елімізде болып жатқан соңғы оқиғаларды ескере отырып, дәретханалардың жағдайын көрмек едім. Сөйтсе бір кабинада екі унитаз орнатылған, аралары бөлінбеген. Бұл этиканы айтпағанда өте ыңғайсыз", - дейді ата-аналардың бірі Николай. 

Қалалық әкімдікте бұл жағдайға түсініктеме беріп, биылдан қалдырмай мұндай келеңсіздіктер түзетілетініне уәде берді. Қала әкімінің орынбасары Ұлықбеқ Тыналиев мұндай келеңсіздіктер бірнеше мектепте бар екенін мойындады. Әкім орынбасары аталмыш мектептің соғылғанына бірнеше жыл болғанын, соған сәйкес ол кезде бөлу қарастырылмағанын атап өтті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.