{metadescription}
Bek Air ұшағының қара жәшігіндегі жазбалар оқылды

Bek Air ұшағының қара жәшігіндегі жазбалар оқылды

Мемлекетаралық авиациялық комитет өткен жылдың соңында Алматы түбінде құлаған "Бек Эйр" ұшағының өздігінен жазатын құралындағы жазбаларды оқыды.

"IAC ғылыми-техникалық орталығы апат болған жерде анықталған рейстердің жазбаларын (дыбыстық және параметрлік) оқыды және декодтады. Барлық мәлімет тергеу комиссиясына берілді. Бұл ақпаратты алдын-ала талдау бізге оқиғалардың хронологиясын қалпына келтіруге және апат себептерінің басым нұсқасын анықтауға мүмкіндік берді" , - делінген хабарламада.

Тергеуге әуе кемесі жасалған Нидерланд елінің кеңесшілері мен сенімді уәкілдері қатысып отыр. Айта кетсек, бұған дейін ұшқыштар сөзінің жазбасына сүйеніп, премьер-министр орынбасары Роман Скляр апаттың негізгі себебін атаған болатын. Оның айтуынша, ұшақ сыртына мұздың қатып қалуы – негізгі себеп. Әуе кемесі тұрақта екі тәулік тұрған. Өздігінен жазатын құралындағы жазбалар Нидерланд елінің сенімді уәкіліне берілді.

"Комиссия шешіміне сәйкес, ұшуды математикалық модельдеу жұмысы басталды. Ол әуе кемесінің апаттық ұшу кезіндегі аэродинамикалық сипаттамасын анықтауға жағдай жасайды. Экипаж әрекеті мен ұшақтың қозғалыс параметрлері зерттеледі", - делінген хабарламада.

Модельдеу жұмысын мемлекетаралық авиациялық комитет сарапшылары Нидерланд, Қазақстан және EASA мамандарымен бірлесе жүргізеді. Мемлекетаралық авиациялық комитеттің бас директоры Виктор Сороченко ұшақ апатының себебін тергеуге бір жылдан астам уақыт кететінін мәлімдеген болатын.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алкомпаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.