{metadescription}
Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруы мүмкін

Есірткі контрабандасы үшін айыпталып, Қытай түрмесінде өмір бойына сотталған қазақстандық студент Ақжарқын Тұрлыбай жазасын өтеу үшін отанына қайтарылуы мүмкін.

Сыртқы істер министрлігі Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаттары сот шешіміне аппеляция беру мәселесін қарастыруда.

«Қазіргі уақытта сот үкіміне қорғаушы шағым түсірді. Ақжарқын Тұрлыбайға Қазақстанға оның тәртібінде, мерзімінде және тиісті өтініш бойынша берілу құқығы берілді», - дейді адвокаттар.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде