{metadescription}
Ақтөбеде пара алған басшының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Ақтөбеде пара алған басшының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушы сыбайлас жемқорлыққа жасады деген күдікке ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖК департаментінің жеке қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК "Еңбек-Ақтөбе" филиалы директорының міндетін атқарушыға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.

"Ол Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы саябақты абаттандыруға бюджеттен ақша аудару кезінде жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкердің өкілінен 700 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді", - делінген хабарламада.

Күдікті кінәсін мойындады. Сондай-ақ, қорғаушысымен бірге келу туралы міндеттеме бергендіктен, процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктінің кінәсі қандай дәрежеде екенін сот анықтайды.



 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.