{metadescription}
Атырауда жанармай бекетін тонап, шабуыл жасалды

Атырауда жанармай бекетін тонап, шабуыл жасалды

Екі ер адам жанар-жағармай құю станциясын тонамақ болып, шабуыл жасады.

Тәртіп сақшылары оларды ізін суытпай ұстады. Жанар-жағармай бекетіне шабуыл тоғызыншы қаңтар күні шамамен сағат 6.00-де жасалған. Атырау облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, С.Датов көшесінде орналасқан станцияға екі ер адам кірген. Олар бекет қызметкерлеріне күш көрсетіп, кассадан 268 мың теңгені ұрлап кеткен.

"Одан кейін оқиға орнынан қашып үлгерген. Дегенмен, полицейлер ізін суытпай қылмыстың бетін ашты. Ұсталғандар Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Олардан ақша мен басқа да заттай айғақтар табылды", - деп хабарлады полиция департаменті.

Құқық қорғаушылар аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 192-бабы, 2-тармағы - "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде