{metadescription}
Анасы үйіне қамап кеткен 3 жасар қыз көз жұмды

Анасы үйіне қамап кеткен 3 жасар қыз көз жұмды

Ресейде үш жасар қызын өлтірді деп айыпталған Мария Пленкина сотта өз кінәсін мойындады.

Ол қызына бір аптаға жетерлік тамақ қалдырып, өзі құрбысының үйіне кеткенін айтты және ешқашан қызының өлгенін қаламайтынын жеткізді. Сот мәліетіне сәйкес, баланың денесі диваннан табылған, ол басын терезеге қаратып, киімсіз жатты. Пәтер айналасында қоқыс, ойыншықтар, кір жуғыш ұнтақ шашылып жатты. Суы құбыры жабық болғандықтан бала су іше алмады.

Анасы Пленкинаны үйіне кіргізген құрбысы Анастасия Куприна жауап берді. Айтуынша, Пленкина 13-нен 20 ақпанға дейін оның үйінде болған. Бұл кезде үш жасар қызы үйінде жалғыз еді. Анасы қызын құрбысына тастап кеткенін айтқан екен. 

Қыздар клубтарға барып, алкоголь ішіп, таксимен жүрді. Мұның бәрі үшін Куприна ақша төледі. Зерттеу нәтижесінде Пленкинада психикалық ауытқушылықтың жоқтығын, өзін-өзі ақтау, тіпті жақын адамдарға деген жанашырлықтың жоқтығын, өзімшілдік, парасаттылықтың әлсіздігін сипаттады.

Сотта қайтыс болған қыздың анасы өзінің 17 жасында жүкті болғанын, баласының әкесімен отбасын құрғысы келгенін, бірақ ол баланы мойындамағанын айтты. Пленкинаға анасы көмектескен. Қызы туғаннан кейін бір ай өткен соң, Пленкина қызының әкесімен ажырасып кетті, өйткені ол отбасына ешқандай көмек көрсетпеді. Әжесі, қызы мен немересі бірге тұрды, бірақ тағы бір жанжалдан кейін, қыз бір жасқа толғанда, Пленкина анасынан бөлек пәтерге көшті.

«Мен оның ешқашан өлгенін қаламадым», - деді ол.

Ол өзінің моральдық жағдайы қиын болғанын, себебі серіктесі өзін тастап кеткенін айтты. Сегіз күн бойы ол нәрестеге йогурт, туралған тауық және ашық шұжық қалдырдырып кете барған. Ол қызы суды ағызып тастамауы үшін су құбырын жауып тастады. Сотта әйел кінәсін толық мойындады.

Бұған дейін тергеу кәмелетке толмаған баланы қатыгездікпен өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын-ала болжам бойынша, 21 жастағы әйел бірнеше күн бойы қызын үйде жалғыз қалдырып, соның салдарынан бала көз жұмды. Сарапшылар қыздың денесінен жарақат таба алмады. Тергеушілер сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша бала шөлден көз жұмды деген нұсқаны айтты.

Дереккөз: Stan.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

05 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде