{metadescription}
Алматы облысында әпкесі мен інісі іс-түзсіз жоғалып кетті

Алматы облысында әпкесі мен інісі іс-түзсіз жоғалып кетті

Алматы облысында 13 жастағы ұл бала мен 15 жастағы қыз балаға іздеу салынды.

Әпкелі-інілі жасөспірімдердің жоғалғаны туралы олардың анасы 13 қаңтар күні құқық қорғау органдарына хабарлаған. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылы туған Лунина Елизавета мен 2006 жылғы Лунин Виталий 12 қаңтар күні үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары, еріктілер, жергілікті мектептің мұғалімдері балаларды іздестіруде. Елизавета үстіне тон, қара шалбар, қара етік киген. Ал Виталийдің үстінде - қара күртеше, басында - жасыл малақай, аяғында - қара кроссовки болған.

«Егер кімде-кім із-түзсіз жоғалған адамдар жайлы қандай да бір ақпарат білетін болса, 8 (72834) 2-10-02 және 8 (705)195-87-97 телефондарына немесе 102 нөміріне, Қаратал аудандық полиция бөлімшесіне хабарласуын сұраймыз», - делінген ведомство мәліметінде.

Еске сала кетсек, Атырауда жоғалып кеткен екі баланың мәйіті өзеннен табылғанын хабарлаған болатынбыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде