{metadescription}
Алматы - Бішкек тасжолында жол апатынан үш адам зардап шекті

Алматы - Бішкек тасжолында жол апатынан үш адам зардап шекті

Алматы облысында автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні Алматы - Бішкек тасжолында болған. Yutong автобусы мен Toyota Harrier соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің біреуі мұзтайғақта басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

Апаттан зардап шеккен Жамбыл облысының үш тұрғыны Жамбыл облыстық ауруханасына жатқызылған. Олар кроссоверде отырған. Полиция дерегінше, автобуста жолаушылар болмаған.

Айта кетейік, Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде