{metadescription}
Әуежайда экипаж мүшесі ұшақтан құлап түсті

Әуежайда экипаж мүшесі ұшақтан құлап түсті

Финляндиядағы Хельсинки-Вантаа әуежайында экипаж мүшелерінің бірі Airbus A320 ұшағынан құлап түсті.

Finnair экипажының мүшелерінің бірі Хельсинки-Вантаа әуежайында Airbus A320 ұшағынан құлап кеткен. Бұл туралы Финляндияның OTKES төтенше жағдайларды тергеу орталығының Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

"OTKES 13 қаңтар күні Хельсинки-Вантаа әуежайында орын алған төтенше жағдайға қатысты тергеу жүргізуді бастады. Airbus A320 экипаж мүшесі ұшақтан құлап, түрлі жарақаттар алды. Ұшақ бұл сәтте әуежайдағы тұрақта тұрған еді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдай жолаушылар ұшақтан түсіп, терминалға баратын қоғамдық көлікке отырған кезде болды. Экипаж мүшесі жолаушылар шыққан есіктен шығып, ұшақтап құлады. Ол ұшу-қону жолағына бірақ түсті. Ауыр жарақат алған болатын. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде