Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды
Алматы облысының полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалып кеткен Елизавета мен Виталия Луниндер табылғанын мәлімдеді.
19:38 14.01.2020
Белгілі болғандай, 12 қаңтардан бастап полиция, еріктілер, мектеп мұғалімдері және ауыл тұрғындары іздеген інісі мен әпкесі туған ауылы Ортатөбеден табылды.
«Тұрғындар сол ауылдағы Ш.Уәлиханов көшесінде екі жасөспірімді көргендерін хабарлады. Ювеналды полиция инспекторлары, еріктілер мен мұғалімдер тобы қоңырау түскен жерге тез арада жетіп, балаларды үйге алып келді. Екеуі де аман», - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, әпкелі-інілі жасөспірімдердің жоғалғаны туралы олардың анасы 13 қаңтар күні құқық қорғау органдарына хабарлаған.